бейсенбі, 22 мамыр, 2025 4:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Судья Шерзат Болат ісі бойынша желідегі пікірлерге қатысты ескерту жасады

Судья Шерзат Болат ісі бойынша желідегі пікірлерге қатысты ескерту жасады
Сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов. Фото: Telegram/Жоғарғы сот
Оның айтуынша, іске мүлдем қатысы жоқ блогерлер мен азаматтар тергеу және сот отырысының барысына субъективті баға беріп жатыр.

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов әлеуметтік желілерде тарап жатқан кейбір пікірлерге байланысты арнайы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Әлеуметтік желіде іске мүлде қатысы жоқ блогерлер мен басқа да азаматтар тергеу әрекеттері мен сот талқылауы барысына қатысты жеке пікірін білдіріп, субъективті баға беріп жатыр", — деді судья.

Ол Конституцияның 75-бабын еске салып, сот төрелігін тек сот қана жүзеге асыратынын, ал сот ісіне қандай да бір араласу жауапкершілікке әкелетінін қадап айтты. Судьяның айтуынша, іс бойынша әлі үкім шыққан жоқ, сондықтан сот процесі аяқталғанға дейін құқықтық баға беру және сотқа қысым жасауға ұмтылатын кез келген әрекетке жол берілмейді.

"Қазіргі уақытта іс сот тергеуі сатысында. Қорытынды үкім әлі шығарылған жоқ. Сот шешімді тек қана объективті, даусыз дәлелдер негізінде қабылдайды. Үкім шыққанға дейін сотқа қысым жасауға, негізсіз және дәлелсіз сын айтуға жол берілмейді.", – деді Жанұзақов.

Судья бұл процестің ашық өтіп жатқанын және үкімнің заң мен әділдікке сай болатынына сендірді. Сонымен қатар, ол блогерлер мен желі қолданушыларын арандатушылық сипаттағы мәлімдемелерден аулақ болуға шақырды.

"Сот жүйесіне құрмет көрсету және сотқа деген сенім құқықтық мемлекет пен әділ сот төрелігі болып саналады. Осыған байланысты блогерлер мен басқа да желі қолданушыларға арандатушылық сипаттағы әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз", – деп түйіндеді ол.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар