бейсенбі, 4 шілде, 2024 15:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жас ақындар облыстық айтыста жемқорлықтың жолын кесуге үндеді

Жас ақындар облыстық айтыста жемқорлықтың жолын кесуге үндеді
ашық дереккөзі
Жас ақындар облыстық айтыста жемқорлықтың жолын кесуге үндеді
Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, осынау жағымсыз құбылыстың тамырына балта шабу – қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы ретте Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуде жемісті жұмыстар жасап келеді. Міне, күні кеше ғана «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Жуалы ауданының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырған облыстық жас ақындар айтысы сөзімізге дәлел бола алады. «Жақсылыққа жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында өткен облыстық жас ақындар айтысын өткізудегі мақсат та белгілі. Атап айтсақ, қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, жас ақындардың жемқорлық жайлы ойларын білу, сонымен қатар, облыс көлемінде ақындық өнерді дамыту мен насихаттау, жастардың шығармашылық ізденістерін арттыруға көмектесу – айтыстың басты мақсаттарының бірі. Сонымен, қоғамдағы өзекті тақырыпты жырға қосқан жыр жарысына алты ақын үш жұпқа болып айтысты, өзара сөз қағыстырды. Тиісінше, жас ақындардың өнерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, ақын, журналист, Б.Момышұлы атындағы «Намыс» орденінің иегері Ғайни Әлімбекқызы, ақын, Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі Дәулетжан Байдалиев және облысқа белгілі айтыскер ақын Есет Досалы бағалап, әділ төрелік жасады. Облыстық айтысты аудан әкімі Нарбай Ергебеков құттықтау сөзбен ашты. Қазылар алқасының шешімімен «Жақсылыққа жаршымыз, жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында өткен облыстық жас ақындар айтысының І орны Жамбыл ауданының жүйрігі Мұхтар Қонарбаевқа берілді. Ал жүлделі екінші және үшінші орындарға жамбылдық Нұрлыбек Құрманов пен жуалылық Дидар Аббасов ие болды. Олар қомақты қаржылай жүлделермен марапатталса, ал бұдан өзге қатысушыларға Алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков облыстық айтыста жыр жарысының көрігін қыздырған жас ақындарға игі тілек білдіре келе, ақын Ғайни Әлімбекқызына аудан халқының атынан алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар