Жауапсыз ата-аналар жазаланады: Таразда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 135 жасөспірім полицияның есебіне алынды
- авторИндира Тәліпқызы
- 16 мамыр, 2024
- 708
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кәмелетке толмаған балалар мәселелері жөнінде кеңес өтіп, онда балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін 70 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады jambylinfo.kz.
Тараз қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі басшысының орынбасары Арман Тоқбергеновтің сөзінше, қазіргі таңда жасөспірімдердің қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, биыл 4 айда тиісті профилактикалық іс-шаралар қабылданып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен олардың құқықтарын қорғау бағытында бірқатар жұмыс атқарылған.
«Тексеріс нәтижесінде бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 64 қолайсыз отбасы тіркелген. Ол отбасыларда 122 бала тәрбиленіп жатыр. Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 135 жасөспірім полицияның есебіне алынды. Есепте тұрған кәмелетке толмағандармен және олардың ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс үнемі жүргізіледі, олардың үй-жайы, оқу орны бойынша тексеріс жүзеге асады. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 127-бабымен 70 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар түнгі уақытта қараусыз жүрген жасөспірімдер қылмыс жасауы немесе қылмыстың құрбаны болуы мүмкін. Ал, түнгі уақыттағы бала өмірінің қауіпсіздігі үшін ата-аналар жауапты», - деді ол.
Сондай-ақ Арман Тоқбергенов Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта, заңды өкілдерісіз жүргені үшін 992 ата-ананың жауапкершілігі қаралғанын, бұдан бөлек, сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында балалардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 63 мекеме иелері Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 132-бабымен жауапкершілікке тартылғанын айтты.
Таразда шомылу маусымына дайындық қалай жүріп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024