Жамбыл жаңалықтар
Жаз атаның құрметіне "Республикалық мал өсірушілер слеті - 2021" ұйымдастырылды
- авторjambylinfo.kz
- 27 қазан, 2021
- 167
Жаз атаның құрметіне "Республикалық мал өсірушілер слеті - 2021" ұйымдастырылды
Елімізде "Ауыл - ел бесігі" жобасының жүзеге асырылып жатқанына биыл үшінші жыл. Жоба аясында облыс көлемінде көп жұмыстар атқарылды. Бұл игілікті Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі мен округке қарасты Əбжапар ауылының тұрғындары да көріп отыр. Атап айтсақ, мұнда өткен жылы таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілсе, биыл жолдар жөнделуде. Осында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен болып, "Ауыл - ел бесігі" жобасының іске асырылу барысын қарады.
Нөмірі 4 шағын орталықты орта мектеп базасында өткен жиынға облыс əкімдігінің басқарма басшылары, аудан əкімдері мен құрылыс компанияларының өкілдері қатысты.
Жиынды облыс əкімі Бердібек Сарарбаев ашып, бұл жобаның ауыл үшін маңызды екеніне тоқталып, сөзді министрге берді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ержан Шырақпайұлы Елбасы бастамасымен бұл жоба табысты жүзеге асырылып келе жатқанын айтты.
- Бұл жоба ауылдардың тұрақты дамуына əсер етеді. Жалпы республикамызда 3,5 мыңнан аса преспективалы елдімекен анықталған. Онда халықтың басым бөлігі тұрады. Бұл жобаға 618 миллиард теңге бөлініп 12 мыңнан астам жоба жүзеге асырылды. Алдағы жылға 670 миллиард теңге бөлінетін болады. Жалпы биыл 480 ауылға 106 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде жамбыл облысында 67 елдімекен қамтылып, 110 жоба жүзеге асырылды. Ол жобаларды жүзеге асыруға 8,7 миллиард теңге қаралған. Бүгін оны жамбыл ауданында болған кезде онымен танысу сапарында көзбен көріп таныстым. Бұл жоба 2025 жылға дейін жалғасып, ауыл халқы 100 пайыз ауыз сумен, интернетпен қамтылса, жолдар 95 пайызға жетпек. Жоба аясында 5 мың мектеп жаңартылса, 315 жаңа мектеп қайта салынады. Бұдан бөлек 1905 нысан салу жоспарлануда, - деді ол. Жиын сұрақ-жауап бөліміне ұласты.
Бұдан кейін министр Тауқымыз шипажайында ұйымдастырылған "Республикалық мал өсірушілер слеті - 2021" шараға қатысып, мал шаруашылығына арналған көрмені тамашалады. "Шəушен" шаруа қожалығының шаруашылығының жетістігімен танысты. Шаруашылықтағы асыл тұқымды мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығына тартылған иновациялық технологиялардың тиімділігін көрді.
Сонымен қатар Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған спорттық мəдени шараны тамашалады. Шараға қатысушылар асық атып мергендіктерін, шекен тас ойнап, ептіліктерін, қол күрестіріп мықтылықтарын танытты. Тоғызқұмалақ, қой көтеру, кір тасын көтеру, қой қырқу мен қазақша күресте жастар жағы бақ сынасты.
Т.Рысқұловтың палуаны Ақберді Əлихан 100 килограмдық қошқарды 30 рет көтеріп жеңімпаз атанды. Қой қырқуда да тұрар рысқұловтықтардың мерейі үстем болды.
Сонымен қатар қол-өнер көрмесімен де танысты. Содан кейін іс-шара мал өсірушілердің ресми шарасына ұласты. Слетты облыс əкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөзімен ашты.
- Кешелі бері атақты шопан, дала академигі Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығын республика деңгейінде атап өтудеміз. Ол кісінің туған күні Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа тұс келуінің өзі бұл мерекенің маңызын арттыра түседі. Қазақтың қара шалының екі рет Социалистік Еңбек Ері атануы еңбектің арқасы, - дей келіп оның еңбегіне тоқталып өтті.
Мұнда Еңбек Ерінің ерен еңбегін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі де атап өтіп, алдағы жылдан бастап маусым айының екінші жексенбісі республика күнтізбесінде малшылар күні болып бекітілгенін қуанышпен жеткізді.
Шара соңы төрт түлік өсіріп жүрген озат малшы қауымын марапаттауға ұласты. Озат шопан, жылқышылар "Еңбек ардагері" медалымен, құрмет грамоталарымен марапатталса, "Шəушен" шаруа қожалығының үздіктеріне 15 миллион теңгеден берілді. Меркілік шопан "Ладавеста" маркалы жеңіл автокөлік мініп, мəртебесі өсті.
Шара соңы аудан, облыс өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024