жексенбі, 6 қазан, 2024 11:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Зерендіде орманнан 273 түп қарағай қазып алғандар ұсталды

Зерендіде орманнан 273 түп қарағай қазып алғандар ұсталды
ашық дереккөзі
Зерендіде орманнан 273 түп қарағай қазып алғандар ұсталды
Облыстық полициның кезекші бөліміне белгісіз тұлғалардың жас қарағай қазып жатқандығы туралы хабарлама түскен. «Айтқан жерге келген полицейлер Семей қаласының 55 жастағы және Нұр-Сұлтан қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Олар «DAF» маркалы жүк көлігіне 273 қарағай тиеген. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 340-ші бабы 1-бөлігі «ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы «келу міндеттемесі» таңдалды», - деді ведомстводан. Айта кетсек, Ақмола облысының аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарын, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар