жексенбі, 6 қазан, 2024 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жазасын өтеушілер ұл-қыздарымен тілдесуге мүмкіндік алды

Жазасын өтеушілер ұл-қыздарымен тілдесуге мүмкіндік алды
ашық дереккөзі
Жазасын өтеушілер ұл-қыздарымен тілдесуге мүмкіндік алды
Бүгін, яғни 20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні! Осыған орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер ұл-қыздарымен тілдесуге мүмкіндік алды. Тепсе темір үзетін шағында аңдамай басып, істі болған осылайша темір торға тоғытылған олар перзенттерінің қамын ойлап алаңдаулы. Мекеме бастығының міндетін атқарушы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбековтың айтуынша, жаза мерзімін өтеп жатқан сотталғандар балаларымен сөйлесіп болған соң біраз күнге дейін көтеріңкі көңіл күйде жүреді. - Балаларымен сөйлесуі - олардың бостандыққа деген зор үмітін оятады. Сондықтан, біз сотталғандардың ұл-қыздарымен онлайн форматтағы байланысын үнемі ұйымдастырып отырамыз, - деді Б.Шарипбеков. Ал перзентімен сөйлескен сотталған жазасын өтеп шыққан соң, оларға дұрыс тәрбие беруді қалайтынын жеткізді. "Балаларымның тәртіпті, төңірегіне сыйлы, жұрт қызығар азамат болып өсуі үшін адал жолмен еңбек етемін", - деп ішкі сырын ақтарыла айтты жазасын өтеушінің бірі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар