жексенбі, 17 қараша, 2024 20:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жедел ақпарат (2022 жыл, 17 қаңтар)

Жедел ақпарат (2022 жыл, 17 қаңтар)
ашық дереккөзі
Жедел ақпарат (2022 жыл, 17 қаңтар)
Жамбыл облысында 4- 6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2563 күдікті полицияға жеткізілді. Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 458-іне әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 175 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 52-іне айыппұл салынып, 231-іне ескерту берілген), 51-іне қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 156-ға жетті. (Қаруларын ерікті тұрде тапсырып жатқандар да бар). Оның ішінде 47 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 6 «Сайга» карабин, 23 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша,1 гранатомет РПГ,  1 шағын калибрлі винтовка, 3тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 273 адам түрлі дене  жарақаттарын алыпқазіргі таңда оның 23-і ауруханада жатыр. 15 адам қайтыс болды (2-і ПД және ҰҚКД қызметкеріқалғаны бүлікке қатысушылар). Бүлікшілерді анықтауқұрықтау бойынша құқыққорғау органдарының (Прокуратура,  Ұлттық қауіпсіздік, Полиция қызметкерлері)  қызметкерлерінен құрылған жедел тергеутоптары тарапынан арнайы жұмыстаржалғасуда. Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 2034 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар