Жер сілкінісі: Ербол Қарашөкеев Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды
- авторМағжан Орынбасар
- 28 наурыз, 2025
- 1.5k

Бүгін облыста болған жер сілкінісіне байланысты Ербол Қарашөкеев Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандары мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыстық жедел штаб жұмыс істеуде.
Барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері қалыпты жұмыс істеуде. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша Т.Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықтың пайда болғаны анықталды. Басқа нысандар туралы ақпарат нақтылануда.
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев жағдаймен танысу үшін Т.Рысқұлов және Меркі аудандарына барды.
8(7262)513575 нөмірі бойынша «жедел желі» іске қосылған.