дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«АЭС салынса, электр қуатына тапшылық болмайды» - басқарма басшысы

«АЭС салынса, электр қуатына тапшылық болмайды» - басқарма басшысы
Jambylinfo.kz
Өйткені, қазір әлемде жаңартылған энергия көздері тұрақты емес

Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы еліміздің энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС салу  жалғыз дұрыс шешім екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ғалым Исақовтың сөзінше, атом энергетикасы өнеркәсіп пен ел экономикасының дамуына елеулі ықпал етеді.

  • Қазақстанда уран өнімдерін өндіру саласында барлық қажет мүмкіндік бар. Елімізге тұрақты базалық генерация және таза энергияның көзі керек. Бұл ретте АЭС салынса, ол тұтынушыларды қымбат емес әрі экологиялық электр энегиясымен қамтитын болады. Қазақстан 2009 жылдан бері уран өндіруден әлемде бірінші орында және уранның барланған қоры бойынша екінші орында.  Ал әлемдегі ең қауіпсіз AЭС түрі — су энергетикалық реакторы болып саналады. Бүгінгі таңда республикада электр энергиясын тарататын 222 станцияның 148-і жаңартылған энергия көздеріне тиесілі. Қалған 80-ге жуығының 65 пайызы тозған. Өндіріліп жатқан электр энергиясының көбісі шамамен 70 пайыз көмірмен өндіріледі. Қазіргі таңда олар жыл өткен сайын ескіруде. Алдағы он жылдықта бізге оларды ауыстыру қажет болады.  Ал әлем елдері қазір көмірден бас тартып жатыр. Өйткені қоршаған ортаға зиян, климаттың өзгеруі, адам денсаулығына залалы секілді бірнеше фактор ықпал етіп отыр.  Өздеріңіз білетіндей жаңартылған энергия көздері тұрақты емес. Газ тапшы. Көмір зиян. Осындай бірнеше факторды ескерсек, электр энергиясының дағдарысы жылдан жылға өспесе кемімейді.  Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім АЭС салу мәселесі. Қазір АЭС-ке тең келетін баламалы энергия көзі жоқ,- деді басқарма басшысы.  

Ғалым Исабайұлының сөзінше, АЭС Алматы облысында салынатын болса, Жамбыл облысына тиімділігі көп. Әсіресе, алдын ала болжам бойынша 8-10 жыл құрылыс жұмысы жүретін станцияның мойынқұмдықтарға жұмыс орны бойынша біршама мүмкіндіктер ашады.

  • Әлем бойынша 31 елде 450-ге жуық атомдық электр станциялары жұмыс істеп тұр. Тағы 54-і салынып жатыр.  Атап айтсақ; АҚШ-та 92 станция, Францияда 56 станция, Қытайда 57 станция, Жапонияда 33 станция, Үндістанда 22 станция. Болашақта АЭС салынуы мүмкін орындарының бірі Алматы облысына қарасты, Үлкен ауылы болып жоспарланған.   Айту керек, елімізде атом электр станциясын салуға дайындық процесі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы шешім қабылдаудан бұрын басталған еді.  Биыл ақпан айында Алматыда «Атом электр стансаларының мүмкіндіктері» тақырыбында жиын өтіп, АЭС құрылысы еліміздің дамуына қалай әсер ететіндігі сөз етілген.  Сондай-ақ Президент соңғы Жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесін жалпыұлттық референдум арқылы шешу қажеттігін айтқан болатын.  Осы орайда, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 18 маусым айында «Атомдық электр станциясын салу бойынша» ҚР Энергетика министрлігі және атомдық электр станциясына қатысты мамандардың қатысуымен халыққа түсіндіру жұмыстары бойынша кеңес өткізіген болатын. Өз кезегінде мұндай станциялар елдегі индустриализациялау мүмкіндіктерін арттырады және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.  Технологияның өркендеген шағында реакторлар да жаңартылып, 3-4 санатты қауіпсіздігі бар. Сондай-ақ, атом электр станциясын салу бойынша ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауында айтқандай 6 қазанда өтетін рефердуммен шешім қабылданатын болады,- деді Ғалым Исақов.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар