жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«20 миллион ақша»: Қыз бен жігіттің танысқаны үшін мемлекет ақша төлейді

«20 миллион ақша»: Қыз бен жігіттің танысқаны үшін мемлекет ақша төлейді
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Оған 24 пен 43 жас аралығындағы тұрғындар қатыса алады

Оңтүстік Корея билігі бір-бірімен танысып, араласа бастаған жалғызбасты адамдарға ақша төлейді. Бұл елдегі демографиялық дағдарысты шешудің амалы. Мұнда бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.24.kz-ке сілтесе жасап.

Содан тұрғындарды отбасын құрып, балалы болуға ынталандыру үшін түрлі бағдарламалар қолға алынған. Мысалы, жалғызбасты жандарға кездесу ұйымдастырылады. Егер осыдан соң ер адам мен әйел қарым-қатынасын жалғастыратын болса, 500 мың вона алады. Бұл біздің ақшамен 180 мың теңгедей.

Ал кездесіп жүріп, кейіннен отбасын құрса, үйлену тойына биліктен 20 миллион вона (7 миллион теңгедей) бөлінеді. Бұдан бөлек баспана сатып алу және үй жалдап тұруға да қаржылай көмек бар.

Жоба келесі айдан бастап Пусан қаласында іске асырылады. Оған 24 пен 43 жас аралығындағы тұрғындар қатыса алады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар