ЖРВИ мен тұмау: Жамбылда қандай алдын алу шаралары жасалып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 26 қараша, 2025
- 209
Биыл Жамбыл облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 94 327 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
46-аптадағы сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 7713,8 болып, өткен маусымның осындай кезеңімен салыстырғанда 48,6% жоғары болды.
Халық топтары бойынша сырқаттанушылық
* 14 жасқа дейінгі балалар – 65 861 жағдай (69,8%)
* 1 жасқа толмаған балалар – 3 158 жағдай (3,3%)
* Жүкті әйелдер – 2 537 жағдай (2,69%)
Зертханалық диагностика
Барлығы 191 пациенттен сынама алынған. Нәтижесінде анықталғаны:
* 76 жағдай – тұмаудың А (H3N2) түрі
* 2 жағдай – COVID-19
* 12 жағдай – өзге респираторлық вирустар
* ЖРВИ диагнозымен – 1405 пациент
* Тұмаумен – 60 пациент
* COVID-19: 2 бала
* Вирустық пневмония – 91 пациент (соның ішінде 1 бала – жансақтау бөлімінде)
Өлім-жітім тіркелген жоқ.
Медициналық көмек және төсек-орын қоры
* Барлығы 964 инфекциялық төсек-орын (оның ішінде 65 – реанимациялық)
* 100 резервтік орын дайындалған
* Төсек-орын қорының жүктемесі – 95%
* Қосымша 310 төсек-орын ашылды
* Байзақ және Жамбыл аудандық орталық ауруханалары қосылды
* Инфекциялық және балалар ауруханаларының қабылдау бөлімдерінде дәрігерлер саны артты
Маусымдық өсімге байланысты емханалардың жұмысы күшейтілді, фильтр-кабинеттердің қызметі жанданды, эпидемияға қарсы режимнің сақталуына ерекше көңіл бөлінуде.
Ұйымдастырылған шаралар
* Медициналық бетперде режимі енгізілді
* Дене қызуы жоғары науқастар үшін арнайы фильтрлер жұмыс істейді
* Call-орталықтар мен онлайн жазылу жүйесі күшейтілді
* Тамифлю, Реленза секілді вирусқа қарсы препараттар, жеке қорғаныс құралдары және дезинфекциялық заттар сатып алынды
* Жедел жәрдем және мобильді қызмет үшін 150 мобильді бригада, 60 қызметтік көлік бөлінді
* Медициналық мекемелерде 236 ӨЖЖ аппараты (ИВЛ) бар
Вакцинация
* 123 000 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынды
* 115 995 адам егілді (94,6%)
Вакцинация жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының тұрғындарға ұсыныстары
* Қолды жиі сабындап жуу, антисептик қолдану
* Адам көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде тағу
* Әлеуметтік қашықтықты сақтау
* Үй-жайды үнемі желдету, ылғалды тазалау
* Түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз-мұрынды жабу, бір реттік сулық қолдану
* Иммунитетті күшейту: дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы, дәрігер кеңесімен витаминдер қабылдау
* Ауру адамдармен байланысқа түсуді шектеу
* Алғашқы белгілер пайда болғанда өздігінен емделмей, дәрігерге жүгіну
* Тұмауға қарсы вакцина алу — ауыр түрлерден қорғанудың ең сенімді жолы
Алдын алу шаралары облыста жүйелі түрде жалғасуда.






