сейсенбі, 9 желтоқсан, 2025 15:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалылық жас асықшылар ауқымды турнирден жүлделі оралды

Жуалылық жас асықшылар ауқымды турнирден жүлделі оралды
Фото - ашық дереккөз
Аталған жарыс Түркістан облысында өткен

Жуалылық жас асықшылар ауқымды турнирден жүлделі оралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жарысқа 20-ға жуық команда қатысқан. Жуалы ауданының жас асықшылар командасы Түркістан облысында өткен ұлттық спортты дәріптейтін ашық турнирде күміс жүлдені жеңген.
Жамбылдық асықшылар турнир барысында ерекше шеберлік пен мықты командалық рухты көрсетіп, финалға дейін барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.
Финалдық тартысты ойында сәл сәттілік жетіспесе де, олардың көрсеткен өнері мен қайсарлығы жоғары бағаға лайық болды.

 

- Бұл толағай табыстың артында команда бапкері Эльдар Дәуітовтың қажырлы еңбегі, сапалы дайындығы және спортшыларға деген сенімі тұр. Эльдар Дәуітов шәкірттерін тек ойын тәсілдеріне үйретіп қана қоймай, олардың бойына ұлттық құндылықтар мен жеңіске деген жігерді ұялата білді. Бапкер мен команданың үндескен жұмысының нәтижесі – міне, осы күміс жүлде! Турнирдің қорытындысы бойынша ауданымыздың мақтанышы, жас асықшы Асқар Арнұр "Үздік ойыншы" атағын жеңіп алып, жекелей шеберлігін дәлелдеді. Бұл Асқардың өз спортына деген адалдығы мен талмай еңбектенуінің жемісі. Оның болашақта да көптеген биіктерді бағындыратынына сенімдіміз! Жуалы ауданының жас асықшыларын осы зор жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – ұлттық спорттың болашағысыздар! Бапкер Эльдар Дәуітовқа және бүкіл командаға алдағы уақытта да зор табыстар, толағай жеңістер тілейміз!, - деп жазды аудандық жаңалықтар қызметі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар