бейсенбі, 24 шілде, 2025 20:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Журналистер құрметке бөленген күн

Журналистер құрметке бөленген күн
Фото: Jambylinfo.kz
Басқосуда өңірдегі журналистика саласында атқарылып жатқан жұмыстар жайы да сараланды

Жақында БАҚ қызмектерлері күніне орай, ҚР Журналистер одағы облыстық филиалы қалам ұстаған қауымға құрмет көрсетті. Бірқатар аға буын өкілдері мен жастар марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚР Журналистер одағы облыстық филиалы облыстық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалы және облыстық жастар ресурстық орталығымен бірге ұйымдастырған жиында қатысушылар журналистика саласындағы ұрпақтар байланысы, кәсіби құндылықтар және медиа кеңістіктегі жаңа бағыттар жөнінде пікір алмасты. 

Басқосуды ҚР Журналистер одағы филиалы төрағасы Жаңабай Миллионов құттықтау сөзбен ашты.

– Жамбылдың жайын жеткізуде журналистердің еңбегі ерен. Қандай жағдай болмасын қайнаған тірліктің ортасынан табылып, соңғы жаңалықтар мен жұртшылықты хабардар етіп отырған қауымның қоғамдағы орны ерек. Журналистер одағының міндеті сіздерге рухани қолдау көрсету, демеу, сіздердің шығармашылық таланттарыңызға шама-шарқымызша қолдау көрсетіп отыру. Сондықтан біздің бұл бастамамызды облыстық Жастар ресурстық орталығы қолдады. Қатарымызға бүгін енді келгені бар, келмегені бар, он үш жас жігіттер мен қыздарды одақтың құрамына қабылдайын деп отырмыз, – деді Ж.Миллионов.

Өз кезегінде облыстық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы филиалы төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев, «AULIEATA-MEDIA» холдингі директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадралиев сөз алып, журналистерге ақ тілегін арнады. Сондай-ақ Көсемәлі Сәттібайұлы, Майлыбай Смағұлов, Ғайни Әлімбекқызы секілді ардагер журналистер артынан ерген осы саланың жемісін терген ақпарат айдынындағы жастарды ізгілікке, шынайылыққа, жеделдікке үндеді.

Мерекеде төрдегі үлкен-кіші буынға құрмет көрсетілді. Жиынға арнайы шақырылған жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Ғайни Әлімбекқызы мен Анаға тағзым орталығының басшысы Эльмира Мырзағали кәсіподақ тарапынан берілген төсбелгіге ие болса, бірқатар жас журналситер де құрмет құшағына бөленді.

Облыстық «Jambyl» журналисі Шерхан Дәкенге Жастар ресурстық орталығының 20 жылдығына арналған мерекелік медалі табыс етілді. Әріптесіміз «AR-AI» газетінің тілшісі Ақтоты Жаңабай ресурстық орталығықтың Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ Журналистер одағына мүшелікке енген жас журнаисттерге куәлік пен төсбелгі салтанатты жағдайда табыс етілді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар