сейсенбі, 1 қазан, 2024 2:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 миллиард теңге: "Қазақстан барысы" турнирінің бюджетіне қатысты тексеріс басталды

1 миллиард теңге: "Қазақстан барысы" турнирінің бюджетіне қатысты тексеріс басталды
ашық дереккөзі
1 миллиард теңге: "Қазақстан барысы" турнирінің бюджетіне қатысты тексеріс басталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген қаржының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталмыш жарысты өткізу үшін бюджеттен 1,075 миллиард теңге бөлінген екен. “Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген агенттік хабарламасында. Ал “Қазақстан барысы” жобасының авторы Арман Шораев тергеуге қатысты пікір білдіріп, өзіне қатысты қысым басталғанын мәлімдеді. “Мен жүзеге асырған “Қазақстан Барысы” жобасын да тілге тиек етіпсіңдер, айналайындар, идея менікі болғанымен, бұл жоба қазір халықтың қазынасына айналған. Аталарыңның асы мен наурызда ғана естеріңе түсетін қазақ күресін, түйе балуандарды елге танытып, сондай жоба жасасаңдар, сендерге кім “қой” деді?! Мені қаралап, жемқор қылып, халықтың алдында қарабет қылуды көздеген екенсіңдер, ақ жол! Бір қуанатыны - қазір халық өзгерген, көзі ашық, билік не айтса соған құлдық ұрмайтын қоғам қалыптасып келе жатыр! Сол үшін де сендердің сапарларың қысқа!” – деп жазды ол желідегі парақшасында. Айта кетейік, “Қазақстан барысы” турнирі 2011 жылдан бері өткізіледі. Сайыста Жамбыл облысының тумасы Бейбіт Ыстыбаев 2012, 2015 және 2016 жылдары үш рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ Шығыс Қазақстандық балуан Айбек Нұғымаров екі рет чемпион атанды. 2022 жылы “Қазақстан барысы” атағын Мақсат Исағабылов жеңді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар