сейсенбі, 1 қазан, 2024 0:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

БҚО-да қолы арматураға қысылып қалған 12 жасар бала құтқарылды

БҚО-да қолы арматураға қысылып қалған 12 жасар бала құтқарылды
ашық дереккөзі
БҚО-да қолы арматураға қысылып қалған 12 жасар бала құтқарылды
Батыс Қазақстан облысында қолы арматураға қысылып қалған 12 жасар бала құтқарылды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 20 маусым күні кешкісін Теректі ауданы Пойма ауылында болды. «Сағат 17.28-де 101 пультіне Шевченко көшесіндегі мекенжайдан шақырту келіп түсті. Май зауыты аумағында 2011 жылғы баланың қолы арматураға қысылып қалғаны анықталды. Шақырту орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың қолын арматурадан босатып, сағат 18.20-да жұмысты толықтай аяқтады. Құтқарылған бала жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Оқиға орнында БҚО ТЖД жедел құтқару жасағынан 4 қызметкер 1 техникамен жұмыс атқарды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», деп хабарлады ведомстводан. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бала жедел жәрдем көлігімен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Оң қолының білезігіне тот басқан арматура кірген. Кезекші травматолог көмек көрсеткеннен кейін хирургиялық өңдеу жасалды. Сосын кірген темір алынып тасталды. Зақымдалған тіндері тігілді. Амбулаториялық емдеуге жіберілген баланың жағдайы қанағаттанарлық. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 680 балалар лагерінің жұмыс істеп тұрғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҚО-да өрт қаупіне байланысты 10 балалар лагері есепке алынды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар