Жаңалықтар
1 қыркүйек – жексенбі: мұғалімдерге демалыста жұмысқа шыққаны үшін төлене ме
- авторjambylinfo.kz
- 7 тамыз, 2024
- 1.1k
Бұл сұраққа Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді
Қазақстандағы мұғалімдерге 1 қыркүйекте жұмысқа шыққаны үшін ақысы төленеді, деп хабарлады хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл ақпаратты Ulysmedia.kz тілшісіне Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі растаған. Ұстаздарға мектеп әкімшілігі 1 қыркүйекті жұмыс күні деп белгілеп, ақы төлеуі тиіс. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші мұндай жағдайда сағатына да төлеуі мүмкін.
Еске сала кетейік, биыл 1 қыркүйек жексенбіге дәл келеді. Министр Ғани Бейсембаев 1 қыркүйек жпексенбі күніне сәйкес келуіне қарамастан білім күніне арналған жиын өткізілетінін айтқан болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз