дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

1 қыркүйектен бастап не өзгереді?
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Жаңа оқу жылының басталуына екі апта уақыт қалды

2024-2025 оқу жылы басталуға аз уақыт қалды. 1 қыркүйектен бастап, білім саласында қандай өзгерістер болады?Jambylinfo.kz. тілшісі осы сауалға жауап іздеді. 
 
1 қыркүйектен бастап
1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артқан.

Тегін ыстық тамақтанумен 1-4 сынып оқушылары, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қамтылады. 

1 қыркүйектен бастап кімдердің стипендиясы көбейеді

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен ЖОО студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды. 

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50%-ға артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады.

Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15%-ға ұлғайтылады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйекте шәкіртақы бакалавриат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбейетін болады.

Цифрландыру: білім берудегі жаңа технологиялар

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы маусымға қарай Қазақстан мектептерінде интернет сапасы үш есе жақсартылды. Барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді және 11 платформада қолжетімді. Білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисі іске қосылды, сондай-ақ орта білім туралы аттестатты, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдарды қоса алғанда, электронды үкімет порталында цифрлық құжаттардың тізбесі кеңейтілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар