жұма, 20 қыркүйек, 2024 3:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5 миллион оқырманы бар блогер Нұрбек Оралбайға қымбат көлік сыйлады

5 миллион оқырманы бар блогер Нұрбек Оралбайға қымбат көлік сыйлады
Сурет: видеодан скрин
Блогер Нұрдәулет Бектұрсын боксшыға тосын сый жасады

Танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсын бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға темір тұлпардың кілтін тарту етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Блогердің сөзінше, көлікті Олимпиададан алтын медальмен оралған боксшыға сыйлау жоспарда болған. Алайда бұйырғаны жалғыз күміс жүлде болған соң көлікті  Нұрбек Оралбайға тарту еткен. 

"Құдай қаласа, екеуің де келесі жолы алтын алыңдар. Уәде еткен ZEEKR көлігін сыйлаймын", – деді ол.

Айта кетейік, Instagram желісінде 5 миллион оқырманы бар Нұрдәулет Бектұрсын қайырымдылық істерімен көпшілікке танымал. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар