дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

”10 жылым ешқандай өзгеріс алып келмеді": Мәдина Сәдуақасова үлкен өкінішін айтты

”10 жылым ешқандай өзгеріс алып келмеді":  Мәдина Сәдуақасова үлкен өкінішін айтты
Сурет: әлеуметтік желіден
Әнші жеке өміріндегі өкініші жайлы сыр шерткен

Әнші Мәдина Сәдуақасова Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірәлінің үйлену тойында өміріндегі үлкен өкінішін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Өнер иесі Revue News бағдарламасына берген сұхбатында өзге әріптестері секілді  екінші рет  дүбірлі той жасағысы келетінін, алайда оған жолдасы қарсы екенін тілге тиек еткен. 

"Мұндай той бізде болмайды деп ойлаймын. Болса да, шағын той ғана болуы мүмкін... Мен тойшыл әрі көпшілмін. Әттең жолдасым ондай емес. Маған салса, барлық туыстарыңды, жақындарыңды, достарыңды жинап, у-шу болып тойлағанға не жетсін. Осындай кештер жасағым келеді. Қайтем енді?! 10 жылым бекер кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Жолдасым қарсы. Сондықтан көндік", - деді әнші ағынан жарылып.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар