дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«100 келіден астам есірткі»: Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

«100 келіден астам есірткі»: Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды
ОПД
Күдікті ретінде 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған

Полиция қызметкерлері "Қарасора-2024" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жамбыл ауданында есірткі өсімдігін заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Полицияның мәліметінше, қарасора, көкнәр сорттарын өсірді деген күдікпен 61 жастағы жергілікті тұрғын ұсталған. Оның үйіндегі бақшадан жалпы салмағы 1520 түп көкнәр өсімдігі, 37 каннабис бұтасы анықталды. Барлығы 100 келіден асатын есірткі тәркіленген. Оның 54 келісі-көкнәр болса, 53 келісі – марихуана болған.

 «Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, Жамбыл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. "Қарасора-2024" іс-шарасы аясында есірткіні заңсыз өсіруді, транзиттеуді, алқаптарын және есірткі зертханасын жоюды, ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс - шаралар одан әрі жалғасатын болады», - деді  ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар