жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Мақпал Исабекова көз жасына ерік берді": Әншіні перзентханадан бірге тұрмайтын күйеуі алып шықты

"Мақпал Исабекова көз жасына ерік  берді": Әншіні  перзентханадан бірге тұрмайтын күйеуі алып шықты
Коллаж: Jambylinfo.kz.
Танымал әнші, актриса Мақпал Исабекова перзентханадан шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Алматы қаласындағы элиталы перзентханалардың бірінде екінші сәбиін дүниеге алып келген әншіні анасы, әріптестері мен достары қолдап келді.

Олар бұл қуанышты сәтті жеке парақшаларында бөлісіп, ақжарма тілегін ақтарған. Жақындарын көрген әнші көңілі босап, көз жасына ерік берді. Кішкентай ханшайымды үйіне шығарып алу үшін бұрынғы күйеуі де келді.

Әнші маңызды сәтімен бөлісуге келген бір топ жақынының арасынан ең алдымен 5 күн көрмеген ұлын құшағына алып, мауқын басты.

Айта кетейік, әнші екінші перзентін  6 шілде күні дүниеге әкелген болатын. 

 

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар