"11 санын жазды»: Салтанат Нүкенова ағасының түсіне еніп, аян берген
- авторДиана Орынбасар
- 14 сәуір, 2024
- 1.2k
Айтбек Амангелді Дана Орманбаеваның «Дай слово» бағдарламасына берген сұқбатында Салтанатты түсінде көргенін және түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болғанын жеткізді. Ол сот аяқталған соң сұхбат беретінін айтты.
«Салтанат соңғы рет түсіме қараша айының ортасында кірді. Бұл ұзақ әрі әрбір жайт анық көрінген түс болды. Желтоқсан айында бұл туралы Данаға «Дай Слово» подкастында айттым. Түсімде Салтанат маған бірнәрсе түсіндіргісі келді, сонда түсінгенім 1 санын екі рет көрдім.
11 қараша – жер қойнына тапсырған күн
11 наурыз – алғашқы алдын ала тыңдалым болған күн
11 наурыз – Салтанат заңы қабылданды.
10 алқаби және судья – өмір бойына қамау үшін қажетті 11 дауыс.
«Ары қарай не болмақ? Айтылмаған тағы бір нәрсе бар. Оны сот аяқталған соң айтамын», – деп жазды Айтбек Амангелді.