"12 миллионға алған сөмкем бәле болды: Ерке Есмахан су тасқына көмекке неге 200 мың теңге бергенін түсіндірді
- авторДиана Орынбасар
- 14 сәуір, 2024
- 5.0k
Оның айтуынша, су тасқынына 200 мыңнан бөлек бас-аяғы 6 миллион теңге аударған.
«Әншілер ақша жинаған тізімде Ерке Есмахан 200 мың берді. «Ұят! 200 мың теңге ғана беріпті» деп шулап жатыр екенсіздер. Бұл су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасалды. Одан бөлек көптеген қорларға ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп-бөліп бергеннің өзінде үлкен сомма шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. «Дұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болар еді» деп ренжідім. Ал күйеуім әдеттегідей «Алла біледі» деп айтты, - дейді өнер иесі.
Әншіні жел қолданушылары «200 мың берді» сынауына жақында 12 миллион теңгеге бренд сөмке сатып алғаны да себеп болған.
«Мына сөмке бәле болды. Біреуге бірдеңе бермесең, көмектеспей қалсаң немесе аз берсең, осы сөмкені айтып шығады. Су тасқыны біткен соң өшімді осы сөмкеден алам. Езіп-езіп, лақтырып, бауға да, тауға да осыны ұстамасам», - деді ол.
Сондай-ақ, әнші ата-енесі тұратын Орал өңірінде де жағдай қиын екен айтып, қазір күйеуі Раим сонда жүргенін жазған.