12 жасында босанған қызға павлодарлық кәсіпкерлер үй сыйлап, сәбиіне есім берді
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 7 тамыз, 2024
- 1.0k
Бұл отбасы жаңа туған сәбиді бөбектер үйіне өткізбей, өздері қарап, тәрбиелемекші ,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Отбасы басқа елді мекенге көшеді. Кәсіпкер-меценаттар және Моңғолиядан келген қандастар отбасына баспана сыйлады. Олар отбасы мүшелері Қазақстан азаматтығын алғанша қарасуға ниет білдірді», – дейді балалар құқықтары жөніндегі аймақтық омбудсмен Сәуле Шәкенева.
Облыстық мәслихаттың депутаты Асылбек Туғанбай мен оның кәсіпкер достары қайырымдылық жасап және де жаңа туған нәрестеге Томирис деген есім берді.
Дәрігерлердің айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы орташа, ал анасы нәрестені бөтелкемен тамақтандырып жүр. Омбудсмен бұл отбасы жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті органдардың және жеке өзінің бақылауында болатынын айтты.
Қыздың отбасы басқа жерге қоныс аударып, қыз қыркүйектен бастап мектепке барып, басқа жақта оқуын жалғастырады. Жергілікті депутат отбасыға баспана сыйлады. Оқушы психолог мамандардың бақылауында болады.
Ұқсас жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай бір реттік әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






