Жаңалықтар
«Қораға кіргеніне 9 жыл»: Нұрболат Абдуллин тоғыз жылдық құпиясын ашты
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 7 тамыз, 2024
- 414
Әнші отбасы құрғанына 9 жыл болған
Нұрболат Абдуллин желідегі парақшасында «9 жыл» деген жазба қалдырып, жұбайымен әсем романтикалық кездесуде отырған фото жариялаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл бақытты сәтті көріп, пікір жазғандардың қарасы қалың. Оқырмандарының көбі «құтты болсын» айтып, бақыт тілесе, бір сыпырасы әзіл-шыны аралас ескерту айтқан.
«Қораға кіргеніңе 9 жыл болыпты, ә?» десе, енді бірі «Өзіңізді ғана сала бермей, келіншегіңізді де салмайсыз ба? Бәрібір өзіңізді жақсы көресіз, иә?» деген оқырманына әнші «өзім білемін» деп жауап берген. Ал «Фаридаға сабыр» деп пікір қалдырған оқырманына әнші «Маған да оңай емес» деп жауап беріпті.
Айта кетейік, Нұрболат Абдуллин жары Фаридамен 3 қыз тәрбиелеп отыр.