13 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға шектеу қойылмақ
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 желтоқсан, 2024
- 319
Түркия парламентіндегі Технология және коммуникация жөніндегі комитеттің жұмыс тобы цифрлық қауіпсіздік туралы құжатты талқылап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Елде арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.
Онда балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары қарастырылған. Жұмыс тобындағы мамандар бұл мәселені шешу үшін жасы 13-тен төмен балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң қажет екендігін айтады.
Бұдан бөлек балалардың смартфон қолдануын заңмен шектеу жайы да көтеріліп отыр. Сондықтан қазір қолданыстағы интернет арқылы хабар таратуды реттеу туралы заңға өзгертулер енгізілуі мүмкін.
Жаңа заң халықаралық тәжірибеге негізделген.
Қазіргі таңда, Аустралия, Англия және Қытай сияқты бірқатар елде балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заң бар.
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024