«Моанаға» барып «позор» болып отырмайық»: Дариға Бадықова халыққа ренішін білдірді
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 желтоқсан, 2024
- 345
Актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова фильміне бармай жатқан отандастарына ренішін білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Бөтен елге ақшаны жіберіп, оларды байытуды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ,» - дейді Дариға Бадықова.
Айта кетейік, Дариға Бадықова түсірген «Таптым-ау сені-2» фильмімен қатар Голливудтың «Моана» мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты. Қос туындының тұсаукесері қатар келуіне байланысты ол журналистерге де пікір білдірген еді.
Кавказ халқын алсақ, олар өздерінің шығарған дүниесіне барады. Түріктер де өздерін қолдайды. Енді біз қазақтардың сыналатын уақытына келіп тұрмыз. Себебі осы жолы Голливуд пен Қазақстанның текетіресі болады. Біздің аудитория, көрермендер үлкен қаржыны көтере алатын деңгейде ғой. Сондықтан да, бір Құдай біледі. Мен Құдай емеспін ғой. Ештеңені былай болады деп алдын ала болжап айта алмаймын. Бір миллиард жинаймын, екі миллиард жинаймын деп айта алмаймын. Құдай абырой берсін. Әрине, қорқыныш бар. Бұл менталды комедия. Әр отбасында болып жатқан жағдайды картиналадық. Өзімнің арманым – осы. Ұшақ ұшырып, парашют құлатқым келмейді. Қазақтың менталды комедияларын түсіргім келеді, - дейді продюсер.