Жаңалықтар
15 адам көз жұмды: Африкада тырысқақ ауруына байланысты жағдай ушығып тұр
- авторjambylinfo.kz
- 24 мамыр, 2023
- 165
15 адам көз жұмды: Африкада тырысқақ ауруына байланысты жағдай ушығып тұр
Оңтүстік Африка тұрғындары халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етпегені үшін билікті айыптап отыр.
"Біз бұл суды ішеміз, ал олар суды тазартқысы келмейді. Құбырды ауыстырмайды, ештеңе істегісі келмейді", – деді тұрғын Селло Самуэль Лекото.
"Мен бұл суды ішетін адамдар үшін алаңдаймын, олардың қатарында балалар да бар. Барлығы өліп қалуы мүмкін", – деп қосты Абрахам Мпетшени.
Қазір 37 науқас ауруханада жатыр. Барлығында диарея бар және терілері құрғап кеткен.
"Бүгінгі таңда ел астанасының солтүстігіндегі Хамманскрааль ауданында тырысқақтан 15 адам көз жұмды. Ауру тарап кетпеуі үшін шұғыл шаралар қабылданып жатыр", – дейді Оңтүстік Африка Республикасы сумен қамту дәне санитария министрінің орынбасары Дэвид Махлобо.
Тырысқақ – лас су арқылы тарайтын инфекциялық дерт. Африкада таза су тапшылығы бар. Сондықтан бұл аймақтағы басты мәселеге айналып отыр.
"Тшванда ауыз су мәселесі бұрыннан бар. Сонымен қатар саяси мәселелер де бар, салдарынан қалада жанжалдар болып, халық қорғансыз күйде қалды", – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сибонгисени Дхломо.
Жергілікті билік тұрғындарға құбыр арқылы келетін суды ішпеуге кеңес береді. Ауыз суды аптасына бірнеше рет арнайы көлікпен әкелгенімен, мәселе шешілмеген. Оның үстіне климаттың өзгеруі де жағдайды ушықтырған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала