жұма, 22 қараша, 2024 23:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

17 жасында Олимпиадаға барады

17 жасында Олимпиадаға барады
Ғаламтор
17 жастағы таэквондошы Батырхан Төлеуғали 80 келіде Париж олимпиадасына жолдама алды. Тайаньда (Қытай) өтіп жатқан іріктеу турнирінде Төлеуғали үндістандық Акшай Худа мен сауд арабиялық Әли-әл Мабрукті жеңді, деп хабарлайды jambylinfo.kz. спорт журналисі  Руслан Меделбектің "facebook" әлеуметтік парақшасына сілтеме жасап.

 Батырхан 17 жасында алғашқы олимпиадасына бармақ. Маған таэквондодағы қазақылық ұнайды. Бапкерлер «аяқты тік серме, жоғарыға қарай ұмтыл» деп қазақы кеңестер беріп жатады.

Бірақ бұл спортта ел ішінде интрига көп. Бапкерлікке талас, құрамаға спортшыларды тықпалау... Мәселен, қазіргі бас бапкер Нұрсұлтан Мамаев 80 келіде екі олимпиадаға барған Руслан Жапаровты осы іріктеуге алмай, оның орнына Батырханды алғанда да сынағандар бар еді, Нұрсұлтанның да, Батырханның да үміті ақталды. Енді осы баланың жолына үмітпен қараймыз.  

Себебі Азия ойындарында жүлдесіз қалып, біраз сынға қалған таэквондо құрамасы Парижде бір медаль әкелсе деген тілек...

Бұл – Қазақстанның таэквондодан Париж олимпиадасына алған алғашқы лицензиясы.

Ертең, 16 наурызда Мария Севастьянова (57 кг), Жансел Дениз (+67 кг), Самирхон Абубакиров (58 кг) жолдамаға таласады.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар