бейсенбі, 4 шілде, 2024 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз  - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Ғаламтор
Биыл елімізде Әз наурыз мерекесі кең көлемде тойланып жатыр. Осыған орай, «Наурызнама онкүндігі» бағдарламасы әзірленіп, соның аясында күн сайын танымдық іс-шалалар ұйымдастырылуда. Бүгінгі Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні Жамбыл облысында да аталып өтілуде,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазақ халқы - ежелден салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне ерекше мән берген. Халқымыздың салт-дәстүрі бүтін елдің, ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан.

Ата-баба салт-дәстүрін жалғастыру мақсатында таңертеңнен бастап облыс орталығы және аудандық мәдениет үйлерінде Ұлттық салт-дәстүрлерді кеңінен насихаттау, өскелең ұрпаққа дәріптеу жолында дәстүрлі іс-шаралар өтіп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін білім беру ұйымдарында мерекелік марафон – халықтың кең тараған салт-дәстүрлерінің көрсетілімдері, кинотеатрларда ұлттық кино апталығы өтеді деп жоспарланған.

Бұған қоса, білім беру мекемелерінде «Наурыз нақыштары» атты облыстағы қолөнер шебелерінің көрмелері ұйымдастырылатын болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар