дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанның табиғи байлығы қанша жылға жетеді?

Қазақстанның табиғи байлығы қанша жылға жетеді?
jambylinfo.kz.
Табиғи қазба байлық мәңгілік емес. Ол ертелі кеш бітеді. Бүгінде Қазақстан экономикасының күре тамыры - мұнай, алтын, уран, көмір, мыс екені рас. Аталған қазба байлықтарымыз қанша уақытқа дейін жететіні бәрімізді қызықтырады,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

 Елімізде мұнай өндіретін 304 кен орны есепке алынса, бүгінгі таңда елдегі мұнай құры  - 4,4 млрд тоннаны құрап отыр. Жылына орта есеппен 80 млн тонна мұнай өндірілсе, мұнай қоры әлі 60 жылға жетеді деген сөз.

Қазір Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде 12 орында тұр.  Ал алтын қоры – 2,3 мың тонна, егер жылына 100 тоннадан  астам өндірілсе, алтынымыз 23 жылға жетеді деген болжам бар.

Сондай-ақ, көмір 300 жылға, мыс 50 жылға, уран да 50 жылға жетеді екен.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар