Қоғам
Қазақстан халқы Жаңа жылды тойлаудан бас тарта ма? Бұл сауалға Президент жауап берді
- авторjambylinfo.kz
- 16 наурыз, 2024
- 911
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына көшудің маңыздылығына тоқталды және елімізде Жаңа жыл мерекесі әрі қарай да тойлана беретінін тілге тиек етті,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.
"Мен "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатымда Ұлыстың ұлы күнін бүкіл ел болып жаңаша атап өтетінімізді айттым. Жақында осыған байланысты арнайы тұжырымдама қабылданды. Әрине, бүкіл әлем жұртшылығымен бірге қарсы алатын Жаңа жыл мерекесінен бас тартпаймыз. Бірақ Әз-Наурыздың мәртебесін көтеріп, мазмұнын байыта түсеміз." –деді Мемлекет басшысы
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа ережелері туралы айтып, Наурызды 10 күн тойлаудың маңыздылығына, тәрбиелік мәніне тоқталды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Үндістан халық санынан әлемде бірінші орынға шықты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Қоғам
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024