Бүгін қазақстандық құтқарушылар кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 19 қазан, 2024
- 592
Битыл азаматтық қорғау органдарына 29 жыл толады. Ал бүгінде азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер қызмет атқарады. Ал Жамбыл облысы ТЖД штат саны - 130 , «ӨСжАҚЖҚ» РММ - 662, «ЖҚЖ» РММ - 91) – 883 бірлікті құрайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сондай-ақ аймақ бойынша жедел бағыныста: «Аппаттар медицина орталығы» РММ, «Қазавиақұтқару» АҚ, «Қазселденқорғау» РММ «ЖАПБ» филиалдары жұмыс істейді.
Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Сол үшін де құтқарушылар қажетті құрал-жабдықтармен барынша жарақтандырылуы тиіс.
Бүгінде құтқарушылар төтенше жағдайларды жою жұмыстарына қатысуға дайын болу үшін арнайы, медициналық, психологиялық әзірлігін, авариялық-құтқару құрылымдарының құрамындағы қызмет дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады.
Құтқарушылардың жұмысы өз өміріне қауіпті болып келеді. Дегенмен олардың алға қойған басты міндеті – халықтың тыныш өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елімізде жыл сайын орта есеппен 18 мыңнан астам табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оның ішінде 12 мың өрт тіркеледі. ТЖ аймағынан құтқарушылар 8 мың азаматты құтқарады, 20 мыңнан астам адамды эвакуациялайды, 4 мың зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетіледі.
"Еліміздің өртке қарсы және құтқару қызметтерінің мамандары өз өмірін қатерге тігіп, азаматтарды құтқару жолында қызметтік міндеттерін атқару кезінде 73 қызметкер қайтыс болды. 2024 жылдың басынан бастап құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 70 мыңнан астам рет шықты, 12 мыңнан астам адам құтқарылды, ТЖ аймағынан 65 мыңнан астам адам эвакуацияланды, 4,6 мың зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек және 1 мыңнан астам адамға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді",-деп жазылған ведомствоның сайтында.
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2024 жылғы 9 айында ведомстволық бағынысты бөлімшелермен 335 адам құтқарылса, эвакуацияланған 493 адам дәрігерге дейінгі медициналық көмек 45 адамға көрсетілді. Сондай-ақ, 4589 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүзеге асырылды
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз