сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 16:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылдан бастап колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқу енгізіледі

2025 жылдан бастап колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқу енгізіледі
Фото: gov.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылдан бастап Қазақстандағы барлық кәсіптік-техникалық колледждер сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім беретін болады. Қазіргі таңда елімізде 772 колледж жұмыс істейді, онда 565 мың студент білім алуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мемлекет 9-сынып түлектеріне тегін білім алу мүмкіндігін ұсынып, еңбек нарығын қажетті мамандармен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік мамандықтар бойынша 153 мың студент тегін оқуға мүмкіндік алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артық. Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да техникалық салаларға бағытталмақ.

Колледждерде білім беру сапасын арттыру мақсатында заманауи материалдық-техникалық база жаңартылып, педагогтердің біліктілігі күшейтіледі. Сондай-ақ, дуальді оқыту жүйесі дамытылып, кәсіби шеберлік чемпионаттары ұйымдастырылады. Кәсіпорындар мен инвесторларды тарту арқылы мамандарды даярлау сапасы жақсартылып, жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнатылады.

Бүгінде 518 кәсіпорын колледждерге шефтік қамқорлық көрсетіп отыр, алдағы уақытта олардың санын 4 мыңға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, WorldSkills стандарттарына сәйкес 8 мың білім беру бағдарламасы әзірленсе, биыл колледждер мен жұмыс берушілер бірлесіп тағы 2 мың жаңа бағдарлама дайындамақ. Оған қоса, өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді.

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтің айтуынша, негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, халықаралық тәжірибені енгізу және түлектердің еңбек нарығына сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар