Алматы мен Балқаш арасында жаңа тікелей пойыз бағыты ашылады
- авторjambylinfo.kz
- 10 ақпан, 2025
- 403

2025 жылдың 1 наурызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Балқаш қалалары арасында тікелей теміржол қатынасын іске қосады. Жаңа пойыз күнара қатынайды, бұл екі қала арасындағы қатынасты жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Балқаштан Алматыға пойыз жұп күндері сағат 07:52-де жолға шығып, 00:58-де Алматыға жетеді. Алматыдан Балқашқа пойыз тақ күндері 00:10-да жөнелтіліп, 15:03-те межелі станцияға келеді.
Жолаушылар үшін билеттердің бастапқы бағасы 7 722 теңгеден басталады. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады. Сатылым сапарға 45 күн қалғанда ашылады.
Бұл жаңа бағыт Алматы мен Балқаш арасындағы сапарларды қолайлы етіп, жолаушыларға ыңғайлы теміржол қызметін ұсынуға бағытталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз