жұма, 22 қараша, 2024 14:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылдан бастап педагогтардың еңбегі жаңаша бағаланады

2025 жылдан бастап педагогтардың еңбегі  жаңаша бағаланады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қазір бұл бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде

2025 жылдың  бірінші қаңтарынан бастап педагогтарымыздың еңбек тиімділігі «Ұстаз» электронды платформасында бағаланады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Оқу-ағарту вице министрі Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, бұл платформа толық цифрландырылып, педагог қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

 "Мұнда педагогтың практикалық қызметіне басымдық беріледі. Бұл – мұғалімнің сабағын талдау, оқыту әдістерін тиімді қолдана білу, сыныптардағы оқыту сапасы. Платформаға өту үшін мұғалімнің пәнді қаншалықты деңгейде білетіні бағаланады, педагогика мен әдістеме мәселесі практикаға жатқызылады. Сондықтан жұмыс тобында педагогтар 2025 жылғы қаңтарға дейін өтпелі кезеңнен өтіп, пәндік білімі және оқыту әдістемесі, психология бойынша тест тапсырып, аттестациядан өтеді», - деді вице министр.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар