Жаңалықтар
"Текті келін": Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековамен ауылда жүр
- авторjambylinfo.kz
- 30 қазан, 2024
- 1.6k
Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасына ауылдан суреттер жүктеген
Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбекова екеуі Түркістан облысындағы туыстарына барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Актриса бірнеше күн бұрын 4 баласымен ауылға келіп, ата-әжесінің басына барып, құран бағыштаған.
Ал бүгін ауылдағы қарашаңыраққа Гүлзира Айдарбековада келіп, келінімен аға-жеңгесінің үйіне қонаққа барған.
"Енемнің үлкен ағасы мен жеңгесінің шаңырағындамыз. Қаладағы у-шудан бір сәт алыстап, ауылдағы абысынның әңгімесі де бір терапия", -деп жазды актриса.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз