Облыста 2025 жылды кітап оқу жылы деп жариялаймыз - Ербол Қарашөкеев
- авторjambylinfo.kz
- 5 желтоқсан, 2024
- 415
Жамбыл облысында 2025 жылды кітап оқу жылы деп жарияланады. Бұл туралы Жамбыл облыс әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингке айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«2025 жылды кітап оқу жылы деп жариялаймыз. «Тараз - кітап оқитын қала», «Тараз – город чтения книг» жобасын бастаймыз. Сонымен қатар, әдебиет пен өнерді қолдау және таланттарды анықтау мақсатында поэзия, проза, драматургия, сатира, балалар әдебиеті саласында «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық әдеби конкурсын ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында өткізу жоспарлануда»,-деді аймақ басшысы.
Ербол Шырақпайұлының айтуынша, облыста жыл соңына дейін тағы 3 мәдениет нысанын іске қосу жоспарланса, бұдан бөлек, 17 мәдениет нысаны жөндеуден өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024