дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбыл облысында 3 «Жайлы мектеп» ашылды

Биыл Жамбыл облысында 3 «Жайлы мектеп» ашылды
фото - ашық дереккөзден
Сонымен қатар 9 мектеп және 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті

Жамбыл облысында 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр.Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, 13-і ел игілігіне берілді.  Оның 3-уі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынды. 

-    Нәтижесінде, 7 оқушы орны тапшылығы бар, 3 үш ауысымды, 3 тозығы жеткен, 2 апатты мектептер мәселесі шешілмек. 9 мектеп және 1 техникалық шығармашылық орталық күрделі жөндеуден өтті. Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттік білім беру ұйымдары бейнебақылау интеграциясымен 90,5%, дабыл нүктелерімен - 100%, турникеттермен - 86,8%, мамандандырылған күзетпен 87,9%, жоғары жылдамдықты интернетпен мектептердің 97%-ы қамтамтылған,- деді аймақ басшысы. 

Сонымен қатар Тараз қаласындағы 172 мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы енгізіліп,  қаржыландыру процесінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, әрбір ата-анаға балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік алған.

-    70 мыңнан астам 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 5,6 млрд. теңге, 1-11 сыныпқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан 40 мың балаға  4,1 млрд. теңге қарастырылды. 2024 жылы білім беру саласына 315,8 млрд теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,1 есеге көп,- деді әкім. 

Аймақ басшысы облыстағы оқушылардың жетістіктері туралы айтты.  

-    Облыс оқушылары 15-ші жыл қатарынан Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы бойынша «Ең үздік команда» атанып,  Республикалық олимпиаданың қорытындысымен «Үздік олимпиадалық  команда» деп танылды және мектептер үшін PISA зерттеуінің нәтижелері бойынша республика бойынша  І орынды иеленіп, үздік нәтижелер көрсетті,- деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар