Жамбылда 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде - Ербол Қарашөкеев
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2024
- 388
Ағымдағы жылы 7,4 млрд. теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 23-і пайдалануға беріледі, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында - 20 нысан бар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Бюджет қаражаты есебінен 5 млрд. теңгеге 18 бірлік медициналық диагностикалық техника алынды, бұл ерте диагностиканың, жедел жәрдем жұмысының сапасын мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 42,7%-дан 40,3%-ға дейін төмендеп, медициналық жабдықпен жарақтандыру деңгейі 96,7%-ға жетеді. 2025 жылы жасанды интеллект арқылы қатерлі ісіктерді анықтаудың мамандандырылған жүйесін енгізу жобасын бастауды жоспарлануда. Бұл аудандардың облыс орталығынан шалғай орналасуы, радиолог мамандардың тапшылығы мәселесін шешіп, ең бастысы науқастарды ерте диагностикалау және жедел емдеу тиімділігін арттырады»,-деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы облыста жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар мен диабеттен 30 бен 70 жас аралығындағы мезгілсіз өлім қаупін төмендету бойынша жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.
Биыл Жамбыл облысында 3 «Жайлы мектеп» ашылды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024