Жаңалықтар
21 қыркүйектен бері 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алған
- авторjambylinfo.kz
- 4 қазан, 2022
- 205
21 қыркүйектен бері 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алған
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей Федарациясы азаматтарының Қазақстанда ЖСН алуы жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сонынмен бірге Цифрлық даму министрі шетелдіктерге не себепті ЖСН берілетінін түсіндірді.
«Көптеген адамдар ЖСН банк картасын алу үшін қажет деп ойлайды. Біз үшін, мемлекет үшін бұл келушілердің елде болуын, тіркелуін, жүріс-тұрысын, барлық іс-әрекетін қадағалау маңызды. Яғни, біз оларға нақты бір нөмір беріп, барлық деректерде сәйкестендіреміз. Қайда барғанын, қандай қызмет алғанын, қанша айыппұлы бар екенін көреміз. Яғни біздің міндетіміз – оларды ІІМ картасына енгізу ғана емес, қадағалаушы органдарымыздың оларды бақылай алуы. Сондықтан, ЖСН – ел азаматтығын айғақтайтын нөмір емес, сәйкестендіруші құрал», - деді Бағдат Мусин.
«21 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін шамамен 70 мыңға жуық Ресей азаматы бейрезидент ЖСН-ын алған», - деді Бағдат Мусин тілшілерге берген сұхбатында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала