дүйсенбі, 25 қараша, 2024 20:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізге Киберқауіпсіздік агенттігі қажет

Елімізге Киберқауіпсіздік агенттігі қажет
ашық дереккөзі
Елімізге Киберқауіпсіздік агенттігі қажет
Соңғы уақытта елімізге кибершабуыл жиілеп кеткені белгілі. Осы жайтқа орай «Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Олжас Сәтиев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Қазіргі уақытта шабуылдардың тасасында нақты кім тұрғанын анықтау өте қиын. Оның артында өзге елдердің үкіметтік хакерлері де, кішігірім хакерлік топтар да болуы мүмкін. Қандай да бір ақпараттық сылтау болған кезде, мәселен, Президенттің қандай да бір жағдай бойынша айтқан сөздері хакерлерге, көбіне сыни ойлай алмайтын жас жігіттерге ұнамаса немесе түсінбесе, онда олар хакерлік Telegram-чаттарда жиналып, Қазақстанға DDoS-шабуыл жасай алады. Өкінішке орай, оны анықтау қиын. Бірақ Президенттің кейбір сөздерінен кейін жиналып, біздің органдарға шабуыл жасайтын Anonymous аналогтарының кейбір топтары бар екенін тіркеп отырамыз», - деді Олжас Сәтиев агенттік тілшісіне берген сұхбатында.
Оның пікірінше, кибершабуылдар тек елімізде ғана емес, бүкіл әлемде жиілеп кетті. «Көршілердің қақтығысына байланысты елімізге жасалған шабуылдардың жаңғырығын көріп отырмыз. Көршілер бір-біріне кибершабуылдар жасап жатқаны байқалады. Өкінішке орай, бірде ана тарап, енді бірде мына тарап интернеттің қазақстандық сегментіне де әсер етеді», - деп түсіндірді спикер. Сондай-ақ сарапшы шабуылдардың негізгі себебі жеке киберқауіпсіздік органының болмауына байланысты деп санайды. «Иә, еліміз БҰҰ рейтингінің кибердайындық индексінде 118-орыннан 31-орынға көтерілді. Бірақ бізде жеке құрылым жоқ. Елімізге Киберқауіпсіздік агенттігі қажет. Мемлекет басшысына немесе киберқауіпсіздік мәселелерімен айналысатынҚауіпсіздік кеңесіне бағынатын жеке органның болуы өте дұрыс әлемдік тренд саналады. Киберқауіпсіздік мәселесі Цифрлық даму министрлігіне тиесілі. Үлкен мүдделер қақтығысы бар. Цифрлық даму министрлігі Электрондық үкіметті немесе басқа да жаңа сервистерді әзірлеген кезде оның қауіпсіздік бөлігін ешкім тексермейді, аудит жүргізбейді. Сондықтан бізге жеке құрылым қажет», - дейді Олжас Сәтиев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар