жұма, 14 наурыз, 2025 22:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

4% - дық автонесие талаптары өзгерді: Кімдер несие ала алады

4% - дық автонесие талаптары өзгерді: Кімдер несие ала алады
Ашық дереккөз
Қазақстанда жаңа автонесие қаулысы күшіне енді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешіміне сәйкес, енді бірнеше кредиті бар азаматтар да еш кедергісіз жаңа көлік сатып ала алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сонымен қатар, борыштық жүктеме коэффицентін сақтау талабы 2027 жылға дейін уақытша тоқтатылды. Бұл шара қазақстандық автоөнеркәсіпті қолдауға бағытталған.

Жаңа талаптарға сәйкес:

Жаңа автокөлік – несие тек Қазақстанда алғаш рет тіркелетін жаңа көліктерге беріледі.

Пайдаланылған автокөлік – несие алу үшін көлік құнының кемінде 50%-ын бастапқы жарна ретінде төлеу қажет.

Үш жылға дейін пайдаланылған автокөлік – бастапқы жарна кемінде 30% болуы шарт.

Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде – арнайы бағдарламалар арқылы автонесие рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Алайда, Қаржы нарығын дамыту агенттігінің мәліметінше, банктер несиелік тәуекелдерді басқару мақсатында қарыз алушылардың борыштық жүктемесін есептеуді жалғастырады. Бұл қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалған шара.

Жаңа қаулы қазақстандықтарға тиімді шарттармен автонесие рәсімдеуге мүмкіндік беріп, отандық көлік нарығын дамытуға ықпал етеді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар