жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 6:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған

70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған
ашық дереккөзі
70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 73 жастағы зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған,

ШҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Риддер қаласы тұрғынының есірткі сақтағаны туралы хабар келіп түсті. Жедел уәкілдер ақпаратты тексеруге кірісті.

Тінту жүргізу барысында 73 жастағы зейнеткерге тиесілі дүкеннен кептірілген көкнәр сабағы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткінің жалпы салмағы 30 грамнан асады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес (есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл ІІМ-нің басым міндеттерінің бірі. Осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жүргізілуде», деді облыстық ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар