Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қазан, 2021
- 135
Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды
Жамбыл облысында тоғыз айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында оң динамика сақталды. Есепті кезеңде өңірдегі экономикалық өсім 4,6 пайызды құрап отыр. Бұл туралы мәслихат депутаттары алдында есеп берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атап өтті.
Жыл басынан бері 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 11 пайызға өссе, 267 млрд. теңге инвестиция тартылып, 11 пайызға ұлғайды.
- 2025 жылға дейін 2,5 трлн.теңгені құрайтын 107 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Биыл 171 млрд. теңгеге 31 жоба жоспарланып, жалпы 78,2 млрд. теңгенің 13 жобасы іске асты. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында 175 жоба 56 миллиард теңгеге несиелендірілді. Жергілікті қамту үлесі өнеркәсіптің 8 бағыты бойынша 51,1 пайызды, құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 86,4 пайызды құрады,-деді Б. Сапарбаев.Фармацевтика саласындағы өнім көлемі 2,8 есеге өсті. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ жанындағы вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысы аяқталды. 1млн.750 мың доза вакцина «СК-Фармация» хабына жіберіліп, еліміздің барлық өңіріне жеткізілді. Одан бөлек, Қырғызстан мемлекетіне де 25 мың доза гуманитарлық көмек кетті. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге шағын несие беру үшін жалпы 8,1 млрд.теңге қаралып, оның 7,9 млрд. теңгесі игерілгенін тілге тиек етті.
- Ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 19,4 млрд. теңге субсидия қаралып, 13,7 млрд.теңгесі игерілді. 2025 жылға дейін 350,4 млрд. теңгеге 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Егістік көлемі 752 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 30,3 мың гектарға артты. Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, су үнемдеу технологиясы 40 мың гектарға енгізілді. Мал азығын дайындау жұмыстары да қызу жүріп жатыр. Жоспардағы 1,7 млн.тонна мал азығы толықтай дайындалды, - деді Бердібек Машбекұлы.Жиында «Тасөткел» су қоймасы қалпына келтіріліп жатқаны, қосымша тағы жеті су қоймасына келтіріледі. Есепті кезеңде 363 тонна балық ауланды, оның 200 тоннасы форель балығы. 332,8 тонна бал өндірілген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Алқаптан сөреге дейін» жобасының аясында облыс орталығы мен он ауданда барлығы 32 әлеуметтік павильон ашылды. Облыста 4482 пәтерлі 76 тұрғын үй құрылысы жүруде, жыл соңына дейін 2902 пәтерлі 50 үй тапсырылады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 3,6 шақырым жол салынып, 440,7 шақырым жолға орта жөндеу жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі 95 пайызға жететін болады. 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 88,7 пайызға дейін артады. 20 елді мекен табиғи газбен қамтылып, 83,8 пайызға жетеді. Барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар аясында 27,1 мың жаңа жұмыс орны ашылды, оның 14,8 мыңы – тұрақты. Ағымдағы жылдың 8 айында облыстағы орташа жалақы 25,8 пайызға (203,8 мың теңге) артты. Жыл басынан бері жаңа бес мемлекеттік мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы үш оқу ордасының құрылысы аяқталады. Одан бөлек, жеке инвестиция есебінен 12 жеке мектеп соғылды. 3-6 жас аралығындағы балалар толығымен мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылған. Өңірдегі 43 700 педагогтың жалақысы 25 пайызға өсті. Облыс орталығында алғаш рет «Оқушылар сарайының» құрылысы жүргізіліп жатыр.
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық 443 мектеп бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етілді. 370 мектепке дабыл түймесі, 85 мектепке турникет орнатылады. Тараз қаласындағы 60 мектеп жедел басқару орталығына қосылды. Өңірді дәрігерлермен қамтмасыз ету үшін С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында төрт үздік тәжірибе орталығы құрылды. 10 дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланып, бүгінде екеуі пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы төртеуі ашылады. Демеушілер есебінен 1,5 млрд.теңгеге Тараз қаласында гимнастика және үстел теннисі спорт кешені, 1,1 миллиард теңгеге «Анаға тағзым» орталығы салынды,-деді облыс әкімі.Жамбыл облысында бюджеттен тыс қаржыға жобаларды жүзеге асыру игі үрдіске айналған. «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде табысты түлектердің демеушілігімен 2,8 млрд. теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асып жатыр. «Асарлатып үй салу» жобасымен былтыр 103 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегімен баспаналы болса, биыл тағы 138 үйдің құрылысы басталып, 38-і пайдалануға берілді. «Таразға тарту» жобасы аясында облыс орталығындағы 42 нысанда абаттандыру жұмыстары қолға алынып, 37-сі аяқталды. Сонымен қатар, «ARAI» емханасы жұмысын бастады. Жалпы айтқанда, демеушілер тарапынан 12,7 млрд.теңгеге 10 әлеуметтік нысан бой көтерді. Аймақ басшысы жуырда ғана Таразда өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық конференциясының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Оған Ресей, Украина, Израиль, Болгариядан келген белгілі сарапшылар Таразды өркениеттер ошағы ретінде бағалап, тарихи тағылымына айрықша назар аударғаны, қатысушылардың Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста жүзеге асып жатқан «Бейбітшілік пен келісім» жобасын тәжірибе ретінде таратуды ұсынғаны шараның маңыздылығын айшықтай түскендігі сөзсіз. Мәслихат депутаттары облыс әкімінің есебін бірауыздан мақұлдап, оң баға берді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
70-тен асқан зейнеткер дүкенде есірткі сақтаған
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024