Жаңалықтар
8 жасар қазақ баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді
- авторjambylinfo.kz
- 28 желтоқсан, 2022
- 536
8 жасар қазақ баласы шахматтан Латвияның экс-министрін жеңді
Алматыда өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионатының аясында 8 жасар шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді.
Әлем чемпионаты кезінде латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. Оның 8 жастағы отандасымызбен ойыны ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясы хабарлады.
Астаналық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер Дана Рейзнице-Озола әдеттегіден ұзағырақ тұрып, жүрістері туралы ұзақ ойланды. Нәтижесінде блиц бойынша Азияның күміс жүлдегері Кәрім Айтжан гроссмейстермен өткен ойында жеңіске жетті, – делінген хабарламада.Кәрім Айтжанның өзі де жеңісі туралы айтты.
Жеңгеніме сенбедім. Гроссмейстермен ойнаудың артықшылығын көрдім. Тіпті тепе-тең де ойнадық. Бірақ кейін мен ойынның бағытын өзгерте бастадым. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Гроссмейстермен ойнау қиын, – деді жас шахматшы.Гроссмейстер Рейзнице-Озола – ФИДЕ басқарушы директоры. Бұрын ол Латвияның экономика және қаржы министрліктерін басқарған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Путин ТМД елдерінің президенттеріне сыйға сақина тартты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025




