дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"87 адам суға кетті": ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

"87 адам суға кетті": ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Шомылу маусымы басталғаннан бері 87 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кеткен

Қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының нәтижесінде 50 күнде Қазақстандағы су айдындарынан 160 адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарды деп жазады, Jambylinfo.kz.

“Суға түсу кезеңінің бірінші айында еліміздің су айдындарында құтқарушылар 160 адамды, оның ішінде 44 баланы құтқарды. Шомылу маусымы басталғаннан бері 87 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті. Шомылу маусымында елімізде суға батқандардың басым бөлігі (85%) шомылуға тыйым салынған орындарда болды”, делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Сондай-ақ ТЖМ Судағы адамдардың өлімінің негізгі себептерін де жария етті:

  •   қараусыз қалу салдарынан суға батып қайтыс болған;
  • балық аулау кезінде суға батып кеткен;
  •   мас күйінде суға батып қайтыс болған;
  • өз күштерін асыра бағалап, жүзе алмау салдарынан суға батып қайтыс болған.

“Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су айдындарында ТЖМ 399 объектілік құтқару бекеті жұмыс істейді, олар үшін 3801 қоғамдық құтқарушы оқытылды. Сонымен қатар жазғы кезеңде қайықтармен және құтқару құралдарымен жабдықталған мобильді посттар құрылуда. Олар су айдындарына кезекшілік пен патрульдеуді жүзеге асырады”, деп түсіндірді баспасөз қызметінен.

Бүгінгі күні суға шомылуға және демалуға  рұқсат етілген 708 орын бар, деректер «2GIS» платформасында орналастырылған.

ТЖМ балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі. Суға шомылу маусымы басталар алдында және оның барлық кезеңінде балаларға жүзуді, құтқару және алғашқы көмек көрсету дағдыларын үйретеді. Бүгінгі күні 32 мыңнан астам бала жүзу дағдыларына үйретілді.

ТЖМ азаматтарды қайғылы оқиғаларға жол бермеу үшін судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар