Баламыз жыланмен ойнап жүр". 5 мың отбасы тұратын аудан тұрғындары балабақшаға зәру
- авторjambylinfo.kz
- 21 шілде, 2024
- 453
Қызылорда қаласының іргесіндегі Бәйтерек шағын ауданының тұрғындары биліктен балабақша сұрайды. Өйткені бес мыңнан астам отбасы тұратын жерде әлі күнге дейін бір де бір мектепке дейінгі білім беру мекемесі жоқ. Ал ата-аналар балаларымыз ел қатарлы бөбекжайларда тәрбиеленгенін қалайды, деп хабарлайды Jambylinfo. kz. 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
"Бізге балабақша керек. Балаларымыз көк ала көк шаңда ойнайды. Одан қалды кесірткемен ойнайды, жыланмен ойнайды. Балабақшаға барса, дамитын еді. Ал қала мен шағын аудан арасы алыс. Оның үстіне мұнда жол мәселесі шешілмеген", – деді ата-ана Жеңіскүл Бақытжанқызы.
Ал жауаптылар шағын ауданда бөбекжай салу мәселесін әзірге тек жоспарлап қойыпты.
"Бәйтерек ауданы өздеріңізге белгілі жаңадан үлкейіп, кеңейіп жатқан аудандардың бірі. Мемлекет тарапынан балабақша салу мәселесі алдағы уақытта жоспарланады. Балабақшамен қамту бағытында қазіргі талапқа сәйкес типтік жобадағы балабақшалар салынған жағдайда оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бар, сол қағидаға сәйкес мемлекеттік тапсырысқа орналастыру мүмкіндігі болады", – деді Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетов.
Шағын ауданда жеке кәсіпкер өз қаражатымен бөбекжай ашқан. Бірақ мемлекеттен қолдау болмаған соң бір айдан соң жұмысын тоқтатқан.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз