«Ағай, өлтірмеңізші»: Шымкентте жасөспірімді таяқпен ұрған күзетші 3 жылға сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2024
- 456
Шымкентте жасөспірімді таяқпен ұрған ЖШС күзетшісі үш жылға сотталды, деп хабарлайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Соттың дерегінше, айыпталушы "G" атты ЖШС-да күзетші болып істеген. Ол 2024 жылдың 28 маусымында сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағын тексеріп жүріп, жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған. Жасөспірім «ағай, енді қайталамаймын! Өлтірмеңізші» деп жылайды.
Сот үкімі
Баланың кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқшасымен оның басы мен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады, – делінген сот хабарламасында.
И есімді азамат ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз