жұма, 20 қыркүйек, 2024 9:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Сәт Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы мен Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін табыстады

Президент Сәт Тоқпақбаевқа "Халық қаһарманы" атағы мен Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін табыстады
Сурет: Ақорда
Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Ақорда» резиденциясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс салаларының ардагері Сәт Бесімбайұлы Тоқпақбаевты «Халық қаһарманы» атағымен, сондай-ақ айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерімен марапаттау рәсімі өтті.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы сөз сөйлеп, Сәт Тоқпақбаевты қалың жұртшылық құрметтейтінін, оның еңбек жолы ел өмірімен тығыз байланысты болғанын айтты.

 – Сіз қастерлі Отанымызға адал қызмет еттіңіз. Енді ғана тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болған жылдары аса жауапты міндеттерді атқаруға білек сыбана кірісіп кеттіңіз. Еліміздің тыныштығы мен тұтастығын сақтау үшін орасан зор үлес қостыңыз. Шын мәнінде, мұны нағыз ерлік деп бағалауға болады. Қазір де қоғамға пайдалы істерді атқарып жүргеніңізді біз жақсы білеміз. Еліміздің лайықты азаматысыз, – деді Мемлекет басшысы.

Сәт Тоқпақбаев мемлекетіміздің қауіпсіздігі және еліміздің тыныштығы жолындағы еңбегін бағалағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Әділетті Қазақстан құру ісіндегі зор еңбегіңізді және сүйікті Отанымызды халыққа жайлы елге айналдыру мақсатында жүзеге асырып жатқан саясатыңызды толығымен қолдаймын. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында Сізбен әрдайым біргемін! Еліміздің іші даудан, сырты жаудан аман болсын! Отанымызда тыныштық, бірлік, ауызбіршілік әрдайым салтанат құрсын, – деді Сәт Тоқпақбаев.

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар